Каждый ребёнок успешен. Каждый - талантлив.

Язык

«Болашақтың Академиясына» хош келдіңіз!

Бірінші  балалар мен жасөспірімдерге арналған «Виртуальды Болашақтың Академиясы» – «INDIGO», сіздерді біздің сайтта көргеніне қуанышты!

 «Әрбір бала жетістікке лайық , әрбір бала – дарынды!» – бұл біздің ұранымыз және өз жұмысымыздағы талассыз ұстанымымыз!

Виртуальды Болашақтың Академиясы Сізге сіздің вундеркиндіңіздің керемет дарынын ашып,дамытуға көмек беруге қуанышты.

-Сіз өз балаңыздың эрудитті жеке тұлға болғанын қалайсыз ба?

-Сіз оның әртүрлі саладағы терең білім арқылы жаңа өмірге қажетті болғанын қалаймысыз?

-Сіздің оны әртүрлі үйірме, дамытушы мектептерге (қаланың әр түкпірінде орналасқан)

апаруға жеткілікті уақытыңыз жоқ па?

-Немесе көптеген көлік кептелісінен ығыр болып, өз жұмыс кестеңізді тезірек аяқтау ,маңызды мәселелеріңізді кейінге қалдырудан шаршадыңыз ба?

  Онда, Виртуальды Болашақтың  Академиясы «INDIGO» – Сіз үшін өте қажет!

Виртуальды Академияда оқыту жаңа заманның баласына түсінікті «компьютерлік ойындар ұстанымына»  негізделген. Бұл «интеллектуалдық ойындардың» мақсаты – жаңа деңгейге өту(сабақ) және мұғалімнің кеңесі түрінде бонус алу болып табылады. Мұны үйге берілген тапсырманы орындау, жаңа білімді меңгеру қорытындысы арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Виртуальды академия «INDIGO» бұл:

• Үйден шықпай – ақ, керемет білімге қол жеткізу.

• Инновациялық технологиялар мен ең үздік ұстаздардың авторлық бағдарламалары негізінде оқыту.

• Әрқилы оқуға арналған көптеген пәндер таңдау мүмкіндігі

• Сізге қолайлы уақыт таңдау мүмкіндігі

• Сіздің балаңызды оқытуға жеке көңіл бөлінуі

• Сіздің сұрауыңызға сай ең жақсы ұстаз таңдау мүмкіндігі (бұл үшін біз сізге әлемнің әр түкпірінен жиналған ұстаздардың базасын ұсынамыз)

• Оқытудың әрбір кезеңін қадағалау мүмкіншілігі

• Бағаның қол жетімділігі арқылы сіз өз ақшаңызды үнемдей аласыз!

Бірінші «Виртуальды Болашақтың Академиясы» – «INDIGO» – бұл , сіздің балаңызды керемет білімге жеткізер жолы!

Біз Жаңа ашылулар үшін – Жаңаша ұрпақты тәрбиелейміз!